Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов қызметінен кетті. Оның мұндай шешім қабылдауына денсаулығы себеп болған.
Бұл ақпаратты футбол клубының баспасөз қызметі растады және оған ұжым атынан еңбегі үшін алғыс айтты.
«Бауыржан Тойшыбекұлы клубқа қиын кезеңде келіп, екі жыл ішінде команда Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпиондығына қол жеткізді» делінген футбол клубының мәліметінде.