Жапондықтар алғаш рет 6G байланысын сынақтан өткізді. Оның көмегімен интернет жылдамдығы секундына 100 гигабитке дейін жеткен. Бұл 5G-мен салыстырғанда 10 есе тез. Ол секундына жақсы сападағы 9 фильм жүктеуге жетеді,-деп хабарлайды 24.kz.
Мамандар: «әзірге оны қолданысқа енгізуге ерте», – дейді.
Бұл тек 2028-2030 жылдарғы ғана мүмкін екенін айтады. Сөйтіп, келешекте 6G байланысының көмегімен жүргізушісіз жүретін көліктерді тиімді басқарып, телемедицина мен виртуалды технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.