Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина – өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 500-ден астам ұпай (winner) жинаған жалғыз теннисші. OptaАce статистикалық ресурсы хабарлағандай, оның активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.
Бір күн бұрын Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы-қазақстандық Елена Рыбакина бірден екіншісі айналымға өтіп, румыниялық Ирина Бегумен немесе біліктілік бойынша теннисшімен кездеседі.