Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда нөсерлі жауын салдарынан электр қуаты өшіп, байланыс үзілді

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2024
  • 456

Маңғыстауда бір күннің ішінде бір айлық жауын мөлшерінен де көп жаңбыр жауды. Соның салдарынан көп елдімекендер жарық, желісіз қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау облысының аумағында ауқымды циклон жүрген. Оңтүстіктен бауырлап келген будақ бұлттың төгіп салуы салдарынан облысымыздың батысында, солтүстік-батысында және орталығында нөсерлетіп жауын құйды. Сондай-ақ өңіріміздің солтүстік, оңтүстік және орталық бағытында 15-19 м/с екпінді жел соқты.

"Ақтау қаласы бойынша бір айда жауын-шашын мөлшері 13 мм болса, кеше кешкісін бұл көрсеткіш қалыпты нормадан асып, 19 мм-ге жетті. Форт-Шевченкода сол түні 19 мм, Қызан ауылына 24,0 мм жауын-шашын түсті. Бұл айлық нормадан 1 мм-ге асады" (мамырдағы норма 23,0 мм), - деді кезекші синоптик Нұргүл Құрманғабұлова.
Облыс тұрғындары электр қуатының жоқтығына шағымданады.
"Түнде 34, 38 және 39 сияқты белгілі бір аудандарда GPP 4G ұяшығымен байланысты жоғары вольтты кабельдің зақымдалуына байланысты электр қуаты үзілді. Қазір 34 шағынауданды қоспағанда, барлығына жарық берілді",- деді АЭЖБ-ның баспасөз хатшысы Луиза Молочаева.

Түнде қала бойынша автомобиль жолдарынан 1120 м3 жаңбыр суы сорылған. Қазір жаңбыр суын тазарту жұмыстары келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіліп жатыр:

12 шағынауданы №59 үйдің алдындағы автомобиль жолы;

 №27 автомобиль жолы, Сары базар ауданы - Хазар базары 31 ш / а;

31Б ш / а. "Өрнек" ТК. Бұл жұмыстарға жеке құрамның 56 қызметкері және 12 арнайы техника жұмылдырылған.