Түркістан облысында "Шымкент-Самара" автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Шымкент-Самара" автожолында 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газель отқа оранған. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан", -делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.