Рудный
жылу-энергетика орталығындағы өндірістік апаттың себебі анықталды. Аймақтағы
өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті сарапшылардың қорытындысын жария етті.
Анар
Ахметова, Қостанай облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бас
маманы:
Сараптамалық
қорытындыға сәйкес, жылу - электр станциясындағы орын алған апатқа дроссельдік
қақпақты қайта жөндеу кезінде коллектордың жобалық құрылымына өзгерістер енгізу
негізгі себеп болды.
Комиссия қазандық пен шойын құбырдың құрамына толық
сараптама жүргізді. Қорытындыға сәйкес: будың қысымын төмендетіп отыратын
арнайы тетік мүлде болмаған. Салдарынан қазандық құбыры қатты қысымға төтеп
бере алмай, жарылып кеткен. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары
коллекторға қай жылдары және кім өзгеріс енгізгенін, клапанды кімнің алып тастағанын
анықтауға кірісті.
Еске салайық, өткен жылы желтоқсанда Рудныйдағы
«Соколов-Сарыбай» кен басқармасына қарайтын жылу орталығында құбыр жарылып, екі
адам оқиға орнында көз жұмған. Түрлі
деңгейде күйік алған үш адам
аурханаға жеткізіліп, аман қалды.