Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда «біртүрлі» билбордтар пайда болды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 2625

Оралда «біртүрлі» билбордтар пайда болды. Қаланың 4 бұрышына орнатылған билбордтарда бақилық болған азаматтың ақ-қара түсті фотосы мен үш-төрт шумақ арнау жазылыпты. Біздің осы өңірдегі тілшіміз Еркін Карин оларды «Urban Image» компаниясының орнатқанын анықтады. Компания өкілдері мұны «әлеуметтік жоба» дейді. Әке-шешесін немесе өзге де қадірлі жандарды ардақтағысы келген адам осындай билбордқа тапсырыс бере алады.

Анна Шатилова, «Urban Image» компаниясы директорының орынбасары:

Қала тұрғындарының бірі әкесіне осылай құрмет көрсеткісі келетінін айтты. Өтінішін жерге тастамай, марқұмның суреті мен балалары жазған өлең жолдарын орналастырдық. Қазір заманның құбылғаны сонша, жер басып жүрген қимас жандарымыздың қадірін білмейміз. Жазда жартылай жалаңаш қыздардың суреттері ілініп тұрған, сол кезде қоғам үндемеді. Ал бұл - әкесіне деген балаларының сағынышы. 

Ата-анаға деген шексіз құрмет пе, жоқ әлде шектен шыққан «өзімбілермендік» пе? Ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.