Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкқайнар ауылында қоғамдық көлік пандемиядан кейін қалпына келмеген

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2024
  • 431

Алматыдан 20 шақырым жердегі Көкқайнар ауылының тұрғындары тәж тажалдың зардабын әлі де тартуда. Коронавируспен күрес кезінде тоқтатылған автобус бағыты арада 4 жыл өтсе де қалпына келтірілмеген. Себебін әріптесім Жомарт Түзелбай білді.

Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

25 мыңға жуық тұрғыны бар Көкқайнар ауылында қазір көлігің болмаса қалаға жету қиын. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі қалада жұмыс істегендіктен, бар тапқанын таксиге төлеуге мәжбүр болып отыр. Қазіргі қалауымыз бұрынғы Алматы 1 бағытында қатынаған маршрутты қайта қалпына келтіру дейді ауыл тұрғындары.

Мөлдір АН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің бар сұрауымыз бұрынғы жүрген автобустарды қайтарсын осы жерге, автобустарды жіберсін, маршрут шығарып берсін ауылға. Ауыл тұрғындары өте көп бізге автобус керек. Бірінші орында балалардың қауіпсіздігі үшін.

Ақмарал ӘБДІРАМАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Иә 1000 теңге - 1500 теңге 150 теңгемен баратын жерге 1000-1500 теңге сұрайды. Заездь до дома салонға дейді. Салон қалай нетем мен жалғыз өзім бір зарплатаға қараған адам қалай мен ол салонды жалдап мен келем ондай шамам жоқ қой менің.

Жергілікті әкімдік өздеріне шаң жуытпады. Тарапымыздан қателік кеткен жоқ деп отыр.

Жасұлан ОҢАЛБАЕВ, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Біздің тарапымыздан хаттар жолданған болатын, жиналыстар ұйымдастырылды.Бүгінгі күні жаңағы Алматы мобильді басқармасы арқылы бізге күзге дейін бізге бір маршрут береміз деп уәде етілді.

Такси тоқтатып табаны тозған тұрғындардың қазір күзге дейін күтуден басқа амалы жоқ.