Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әкімдіктер ӘКК-ні Жер кодексін бұзу үшін пайдалануда", – «Жер аманаты» комиссиясы

Әкімдіктер Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Жер кодексін бұзу үшін пайдалануда. «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясының өкілдері осылай дейді.  Мәселен, Шымкенттегі «Кең баба» саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Партиялықтар рейд кезінде анықтағанындай, іргесі сонау 1901 жылы қаланған демалыс орны бүгінде ойын-сауық бизнесі кеңістігіне айналып кеткен. Яғни, ондағы 3,5 гектардың 2,6 гектары заң бұза отырып пайдаланылуда. Сот шешіміне сәйкес, жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Бақытжан Базарбек алда апелляция кезеңі күтіп тұрғанын айтты. Бұдан бөлек, мегаполисте салынып жатқан «Ұлы дала» тұрғын үй кешені де Жер кодексінің нормаларын бұза отырып салынуда деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек. Аманаттықтардың айтуынша, құрылыс компаниясы дәл осы жер учаскесін ешқандай аукционға және конкурсқа қатыспай алыпты. «Жер аманаты» комиссиясы 2022 жылы қалалық әкімдіктің қаулысымен 2,2 гектар жер учаскесі «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға 5 жылға уақытша жер пайдалануға берілгенін анықтады. Бұдан соң Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аталған учаскені әкімдіктен инвестициялық жоба ретінде сатып алып, кейін жеке құрылыс компаниясына қайта сатыпты. Сот шешімімен бұл аумақ мемлекетке қайтарылған. Алайда жергілікті билік тарапынан заңсыздықтарға жол берілген деп санайды комиссия өкілі. 

Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрылыс компаниясы жұмысын тоқтататын түрі жоқ. Қайта құрылыс объектісін күшейтіп жатыр. Мына объектілердің квартираларының бәрін сатып жатыр. Және өкінішке орай соттың шешімінің құрылыс компаниясы ешқандай мәні болмай тұр. Бұл мәселені мен Парламент мәжілісінің жалпы жиналысында наурыз айында көтерген болатынмын. Себебі соттың шешімі орындалмай жатыр. Оны уәкілетті органдар, Әділет департаменті, әкімдік орындатқызу керек. Бірақ өкінішке орай соттың шешімін орындатқызуға ешкімнің қауқары болмай тұр. Бұл деген жергілікті биліктің әлсіздігін көрсетеді.

Нұрлан ӘБДІРАЗАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Мемлекетке қайтқан жердің өзіне жүргізу, тоқтату ГАСК деген құзырлы мекемеміз бар сол жағынан жұмыс жүргізілуі керектұғын. Сол жағынан жұмыс жүргізілсе, әрі қарай заңға сәйкес істелінеді.