Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Жолдауы жан-жақты түсіндірілуде

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 2592

Елбасы Жолдауы халықтың әлеуметтік ахуалын көтеруге арналған нақты міндеттерден тұрады. Егер сол басымдықтарды орындасақ, экономикасы қуатты 30 мемлекеттің қатарына кіруге мүмкіндік туады. Бұл туралы Алматыда өткен Демократиялық күштер коалициясының кеңейтілген отырысында Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева айтты. Үшінші жаңғыртуға арналған маңызды құжаттағы білім беру сапасына ерекше тоқталды. Әсіресе үш тілді білім беруге кезең-кезеңімен көшу бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:

Қазіргі жаһандану кезінде ол ең бірінші мұқтаждық деп айтуға болады. Екінші сапасын жоғалтып қалуымыз мүмкін деген де сөздер бар. Сапасы оның үш тіл енгізгенге байланысты емес. Бір тілді оқып - ақ, оны  тиісті дәрежеде игере алмауың мүмкін. Ал он тіл оқып-ақ оны тиісті дәрежеде игеру мүмкін.

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы жолдау жүктеген міндетті орындауға кірісті. 300 белсенді азаматтың басын қосқан ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Олар әрбір еңбек ұжымдарымен жүйелі жұмыстар жүргізуге кіріскен. Тәуелсіздік жылдарында қабылданған реформалар нәтиже берді. Ендігі міндет - замана көшімен бірге дамып, ықпалды мемлекетке айналу. Ол үшін индустрияны дамытуды жеделдету керек, - деді зиялы қауым.