Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар тұрғыны мыңнан астам Кеңес Одағы ойыншығын жинаған

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 2892

Қызылжар тұрғыны көне ойыншықтарды жинап, кішігірім мұражай ашты. Арасында қуыршақтар, конструкторлар мен мультфильм кейіпкерлері де бар.

Үйдегі мұражайда әскери ойыншықтардан тұратын бөлек стенд орын алған. Ең көне экспонат - қалайы сарбаз 1915 жылы құйылған. Енді ойынқұмар азамат пулемет арбасын табуды көздеп отыр. Жалпы, Руслан Боисовтың бұл іске ден қойғанына 30 жылдан асты. Ол жәдігерлердің біраз бөлігін бала кезінен сақтап келе жатыр. Айрықша заттарды көбінесе ғаламтордан іздейді екен.