Русский Сайттың толық нұсқасы

Могулшылар ел қоржынына тағы екі алтын салды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 2179

Универсиадада Қазақстан құрамасының мықтылары спорт қоржынына тағы қос алтын мен қоланы салды. Кеше фристайлдың могул түрінен қарсыластарын шаң қаптырған Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева параллельді могул сайысынан да басты жүлдені бермеді. Бұл спорт түрінен отандасымыз Павел Колмаков та осал емес екен. Ширақ қимылдап, қоланы иеленді. Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен жеңіс жолындағы сайысын бастады. Қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетіп, жоғары ұпай жинады. Әзірге алдыңғы орында келеді. Сайыс ертең жалғасады. Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс, 8 қоланы иеленіп командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Юлия Галышева, 28-ші Универсиаданың алтын жүлдегері:

Керемет көңіл-күйде тұрмын. Екінші рет алтынды жеңіп алдық. Могул спортынан Дмитрий Рейхард екеуміз 4 алтынды қоржынға салдық. Бұл үлкен жетістік. Сәтін салса, Красноярск қаласында өтетін Универсиада ойындарына қатысамын деген ойым бар.