Мемлекет
басшысының Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі төтенше
және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі
хабарлады.
Иманғали Нұрғалиұлы 2016 жылдың қыркүйегінен бері Премьер-министрдің
орынбасары болып қызмет етті. Оған дейін Қорғаныс министрі, Астана мен Алматы қалаларының
әкімі, Президент әкімшілігі аппаратының жетекшісі лауазымын атқарған.