Русский Сайттың толық нұсқасы

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 4295

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Иманғали Нұрғалиұлы 2016 жылдың қыркүйегінен бері Премьер-министрдің орынбасары болып қызмет етті. Оған дейін Қорғаныс министрі, Астана мен Алматы қалаларының әкімі, Президент әкімшілігі аппаратының жетекшісі лауазымын атқарған.