Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2024
  • 354

Қызылордада өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қызылорда қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан кафеде 20 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ маршымен 14 тұрғынды эвакуациялады.

Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.