Әзербайжанда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елдің республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша сағат 17:23-те (Астана уақытымен 18:23) Ленкоран ауданындағы Талыш тауларында магнитудасы 5,5 балға жеткен жерасты дүмпулерін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды.
Жер сілкінісінің қуаты 6 балды құрап, жақын жатқан аудандарда 5,3 балды көрсетті, - делінген хабарламада.
Әзірге бүлінген ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.