Русский Сайттың толық нұсқасы

Бауырын жұрттың алдында аяусыз ұрған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2024
  • 622

Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді

Қарағанды ​​облысының Қушоқы ауылында көпқабатты үйдің ауласында күндіз ер адамды аяусыз ұрып-соққан оқиға видеоға түсіп қалды.

Әлеуметтік желіде ұрып-соққан видео пайда болды. Ашулы ер адам екіншісін темір құбырмен ұрып жатқанын байқауға болады. Оқиға күндіз көпқабатты үйдің ауласында адамдардың алдында болады.

Оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында бұзақылық жасағаны үшін полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Бұзақылық әрекетке қатысушылар ағайынды болып шықты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті Қарағанды ​​облысы ПД.