Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 және Toyota Highlander көліктері соқтығысқан. Апаттан зардап шеккен бір жүргізуші мен екі бала ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының тас жолында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған жолаушы зардап шекті.
«Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 жеңіл көлігі негізгі жолда келе жатқан Toyota Highlander көлігіне жол бермей, соғылған. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен қос жасөспірімнің денсаулығына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Audi жүргізушісіне қатысты іс қозғалып, материал сотқа бағытталды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.