Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамның өмірін сақтап қалды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2024
  • 652

Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамның өмірін сақтап қалды 

Оқиға кеше, 11 мамыр күні кешке Юрий Гагарин көшесінде болған. Онда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің бірінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқару барысында еді.

"Көшеде патрульдеу кезінде біз өзін нашар сезінген адамды байқап қалдық. Оның жағдайын білу үшін бірден жанына жақындадық. Әңгіме барысында ер адам құлап, есін жоғалта бастады. Біз бірден103-ке қоңырау шалдық, содан кейін дәрігерлерді күтпей, алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістік", - деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Бексұлат Асанов.

10 минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетті. Келген дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда азаматтың жағдайы бір қалыпты. Құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында адам өмірі тағы да құтқарылды.