Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан экс-премьері президенттікке таласатын болды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2017
  • 2518

Қырғыз экс-премьері Темір Сариев президенттік таққа таласатын болды. Ол кандидат ретінде ресми тіркелген. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы хабарлады. Темір Сариев - "Акшумкар" саяси партиясының лидері. Партияның конференциясында жақтастары оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Қырғызстандағы сайлау күзге жоспарланып отыр. Конституцияға сай сайлау күнін парламент 4 ай қалғанда жариялайды. Қырғызстан халқы президентті 6 жылға сайлайды. Әзірге саясаткердлердің ешқайсысы сайлау додасына қатысатындарын мәлімдеген жоқ. Ал Темір Сариевтің президенттік сайлауда тәжірибесі бар. Ол 2009 жылы өткен сайлауға қатысты. Экономика, қаржы министрлері қызметін атқарған Темір Сариев 2015-2016 жылдары премьер-министр қызметінде болды.