Қазақстандағы сайлауды қадағалайтын халықаралық байқаушылар саны 133 сарапшыға толықты. Орталық сайлау комиссиясы бүгін бір халықаралық миссия мен бір шет мемлекеттен келген кезекті байқаушыларды тіркеді. Комиссия отырысында сондай-ақ мәслихат депутаттығына үміткердің куәлік үлгісі бекітілді.
Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жанында ТМД ұйымының байқаушылар миссиясынан 130, Корея Республикасынан 3 байқаушыны акредиттеу туралы қаулы етеміз. Барлығы 133 байқаушы.
Бүгіннен бастап азаматтар тұрғылықты мекені бойынша сайлау
учаскілеріне барып, тізімді, ондағы өзі туралы деректердің дұрыстығын тексере
алады. Сонымен қатар түрлі себептермен өз учаскісінде дауыс бере алмайтын
сайлаушыларға есептен шығу куәлігі де бүгіннен бастап беріле бастады.