Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2024
  • 735

"Қазгидромет" РМК 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, күн суытады. Бұл туралы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің баспасөз қызметі  хабарлады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін және қатты жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс циклон енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр.