Русский Сайттың толық нұсқасы

"Кенттің жолын өзіміз жөндеп келеміз", - тұрғын

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2024
  • 557

"Көшеміз соңғы рет 2008 жылы жөнделді. Одан кейін өзіміз жамап-жасқап келеміз". Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғындары осылай деп шу шығарды. Айтуларынша жарық жиі өшетін көрінеді. Тұрғындардың мәселесін тілшіміз Жомарт Түзелбай тыңдап келді.

Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Алатау ауданына қарасты Боралдай кентінің құрылғанына 20 жылдан асқанымен мынадай жаман жолдарды ауыл жұрты өздері жамап келеді. Ауылда әкімдікті жоқ сезінеміз деген тұрғындар су мен жарық шамдарына дейін өзіміз ақша жинап қостырдық дейді.

Кент тұрғындарының шағымы көп. Бірі жолдың жайын айтса, енді жарықтың өшетінін алға тартты.

Гүлназ ҚАСЕНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жол мәселесі бар бәрін өзіміз құрықтап келе жатырмыз. Біздің қала Алатау ауданына өткенімізге 10 жылдан асты.10 жылдан асса да біреусі де орнығып әкімшіліктен ешқандай көмек беріліп жасалып жатқан жоқ.

Сәмбетқұл ЖИРЕНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мына свет мәселесі көріп тұрғандай бәрін өзіміз жеке жинап істегенебіз. Салбырап тұр мінекей, жаңағы кішкене бір жел тұрса болды өшіп қалады. Бәрінде бала шаға холодильник өшіп қалады дегендей, тоқ жетіспейді. Осыны қалаға өткізуін өтініп жазғанбыз. Содан ешқандай нәтиже болмай тұр.

Ауыз су мен кәріз жүйесі де өзекті мәселе. Тұрғындар барлығын жіпке тізді. Қалталарынан қаржы жинап, шаршағандарын айтады. Ал жауаптылар барлығы жоспарда бар деп отыр.

Қуатбек МАКАШЕВ, АЛАТАУ АУДАНЫ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Құдай қаласа конкурстық процедуралар жүріп жатыр.1 - 1,5 айда шығады. Қазір енді документациясы жүріп жатыр. Осы шыққаннан кейін су және кәріз жүйесі тартылады Боралдайда. Ал енді жол мәселесіне келетін болсақ, қалалық мобильді басқармадан жолдың проектісі дайын. Оны тұрғындарда біледі. Бірнеше рет келіп тұрғындармен кездескен.

Коммуналдық бөлім кенттегі барлық мәселе келер жылы толық шешіледі деп уәде берді. Тұрғындардың тағы да күте тұруларына тура келеді.