Қостанай облысында полиция қызметкерін өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің өкілдері кісі қолынан қаза тапқан криминалист Ұзынкөл ауданы ішкі істер бөлімінде жұмыс істегенін мәлімдеді. Полицей кезекті еңбек демалысында болған көрінеді. Марқұмның денесі үйінің ауласынан табылған. Тергеу шараларына байланысты басқа деректер жария етілмейтіні ескертілді.
Нұрлан АРЫСТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу барысы ішкі істер министрлігінің бақылауында.