Қазақстан
қоржынына 27 медаль түсті. Бүгін қазақстандық спортшылар шаңғы мен шорт трек
жарыстарында 3 күміс, 1 қола еншіледі. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші
орында. Ел мерейін асқақтатқан спортшыларымыздың жеңісті сәттерімен тілшіміз
Айгүл Ермахан бөліседі.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Бүгінгі
дода күні 8 жүлделер жиынтығы сарапқа
салынды. Жарыстың алғашқы шаңғы эстафетасында қазақстандық шаңғышы жігіттер топ жарды. Сергей Малышев, Виталий Пухкало,
Ринат Мухин мен Олжас Климин бастаған төрттік 7,5 шақырым қашықтықта шапшаңдық танытып, екінші орыннан көрінді. Күмісті жеңіп алған
жігіттердің ерлігін шаңғышы қыздар қайталады. «Үш те бес» эстафетасында
қашықтықты 43 минут 17 секундта жүріп өтіп, франциялық
қарсыластарын шаң қаптырды.
Ирина
Быкова, 28-ші Универсиаданың күміс
жүлдегері:
Барлық
жанкүйерлеріме рахмет айтқым келеді. Әсіресе бапкерлеріме алғысым шексіз.
Өйткені осы додаға сенім артып қосқан сол кісілер. Шынымен де, жеңіс тұғырынан көрінеді деп ойламаған
болатын. Жеке жарысқа шыққан кезде орын ала алмадым. Бірақ бүгінгі эстафета да жолым болды.
Шорт
тректен де бүгін бағымыз жанды. 500 метр қашықтыққа жүгірген спортшылар
арасында Абзал Әжіғалиев оқ бойы озық
тұрды. Алтынға бір қадам жақын қалғанымыз рас. Дегенмен, қарсыластар да осал
болмады. Ал, қола жүлде отандасымыз Денис Никишаға бұйырды.
Абзал
Әжіғалиев, 28-ші Универсиаданың
күміс жүлдегері:
Әуелі
елімнің үмітін ақтағаным үшін қуанып тұрмын. Осы доданы көріп, бізді қолдау
үшін әрбір өңірден жанашырлар келді. Соның арқасында бойымызға күш алып, күміс медальді жеңіп алдым. Ертең біз 1000
метр қашықтықта жүгіретін боламыз. Сәтін
салса, алтын аламыз деген үмітіміз бар.
Қазақстандық
хоккейшілер де бабында. Кеше «Халық Аренадағы» шведтермен кездесуіндегі алғашқы
11 минутта Константин Савенков есеп
ашты. Дегенмен, екінші кезеңде
командалар нәтижені өзгерткен жоқ. Ал, үшінші кезеңде жерлестеріміз шветдер қақпасына шайбаларды зулатты. 4:0
есебімен қарсыластарын ойсырата ұтып,
жартылай финалға шықты.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Қазақстан
қоржынында қазір 27 медаль бар. 10
алтын, 6 күміс және 11 қола. Жалпы командалық есепте екінші орында келеміз. Қазақ елі
спортшыларынан ертең де жеңіс күтеді.
Айгүл
Ермахан