Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет алдағы жарты жылдықтың жұмыс жоспарын бекітті

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2017
  • 3151

Жер кодексі Парламентке жолданды. Бүгін Үкімет қоғамда резонанс тудырған Жер қатынастарын реттеу туралы заң жобасына енген түзетулерді мақұлдады. Жер кодексіне енген өзгертулер қазақстандықтарға жалға берілетін жерлердің шекті мөлшерін белгілейді. Шекаралас аймақтардан берілетін жер телімдеріне талап күшейтіледі. Жерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдікпен некеде тұрған Қазақстан азаматтарына беруге тыйым салынады. Ауылдық жерлер жанындағы жайылымдық жерлердің көлемін нақтылайды. Сонымен қатар жалға беру институтын сақтап, оны күшейту мәселесін қарастырып отыр.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Жалға берілетін жерге шектеу мөлшерін белгілейміз. Ол үшін бүгінгі күнде министрлікте белгілі сол мөлшерді анықтау үшін методика жасалып жатыр. Методика әзірленген соң ғана сол методика бойынша белгіленеді. 

Үкімет алдағы жарты жылдықтың жұмыс жоспарын бекітті. Сөйтіп министрлер кабинеті 2017 жылға арналған бюджет параметрлерін қайта қарамақ. Мамыр айында Қазақстанның ұлттық экспорттық стратегиясының тұжырымдамасы әзірленеді. Ал маусымда Ақпарат және коммуникация министрлігі Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасының жобасын енгізбек. Ал Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «кибер қалқан» тұжырымдамысын әзірлеуге кіріскен. Энергетика министрлігі мұнай өндірудің жылдық көлемін 81 млн тоннаға дейін, ал газ өндірісінің жылдық көлемін 48,1 текше метрге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Қанат Бозымбаев, АИ-92 бензинінің қымбаттауы рубльдің нығайып, теңгеге шаққандағы бағамының өсуімен байланысты, деп отыр.