Шығыс Қазақстандағы Үржар
ауылында екі қабатты тұғын үйде өрт шығып, төрт бірдей газ баллон жарылды.
Жергілікті төтенше жағдай
департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Отқа оранған 16 пәтердің қазір
күлі ғана қалды. Бір күнде баспанасыз қалған тұрғындар қайда барарларын білмей
дал.
Амангелді Шегетаев, ШҚО ТЖД
басшысының орынбасары:
Өрт сөндірушілер келгенше, тұғындардың барлығы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Дәл осы
үйге инспектор келіп, бірнеше мәрте өрт қауіпсіздігі жайлы, пеш пен газ
баллондарын дұрыс пайдалану туралы бірнеше мәрте ескертпелер айтқан болатын.
Қазір арнайы мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.