Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында «Ғаламтор – ғаламның ғаламат қоймасы» атты іс-тәжірибе тарату ашық есік күні өтті

Бүгін Алматы облысында «Ғаламтор – ғаламның ғаламат қоймасы» атты іс-тәжірибе тарату ашық есік күні өтті. Негізгі мақсат - қазіргі ұрпақты түрлі бағыттары бойынша дамытудың методикалық тиімді әдістерімен бөлісу. Шараны ұйымдастырушы- Еңбекшіқазақ ауданындағы Абылай хан атындағы №4 орта мектеп ұстаздары. Оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны туралы дайындаған жобаларын таныстырды. Жасыратыны жоқ, интернет өмірімізге дендеп енді. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді. Дегенмен, зияны да жоқ емес. Сондай-ақ, шараға қатысушылар ұстаздардың сабақ берудегі интернет платформаларын пайдалану әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты.

Гүлжихан ИМАНХАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Міне, біздің осы Zeta ұрпақтар – нағыз белсенді ұрпақтар. 100 жыл өмір сүретін дейді бұларды. Биоақпараттандыру технологиясымен толығымен қамтамасыз етілген, индиго балаларымыз болашақта өте білімді болуы керек, жан-жақты болуы керек. Өздерінің осы ойларымен мықты маман болуда бағыттауда міне, бүгінгі іс-тәжірибе тарату ашық-есік күні керемет бір жағымды жақтарын береді деп ойлаймын.

14 пән бойынша ашық сабақ өткізілді. Соның бірі, 50 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі -Күлману Баймолдина. Ол білім алуда интернетті қолданып жүрген қазіргі шәкірттер өте жан-жақты дейді.

Күлману БАЙМОЛДИНА, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Менің қолданатын платформам -«Кюзес» платформасы. Себебі мен 10-11 сыныптарды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаймын. Бұл платформаның тиімділігі барлық тақырыптар бойынша тесттар да бар, өзің де тесттар жасап кіргізе аласың. Осы платформалар арқылы бүгінгі келген қонақтарыма өз тәжірибеммен бөлісемін.