Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев жаңа министр Жаслан Мәдиевті қабылдады

Елімізде реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітілді, соның арқасында 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Бұдан бөлек жаңа министр ведомствоның қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады. Қазір мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған. Мемлекет басшысы сала министріне экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру секілді бірқатар міндеттер жүктеді.