Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы, 23 жастағы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің – 140, осы жарыстың 3-ракеткасы, нидерландылық Арианне Хартоноға қарсы келді.
Бірінші партияда нидерландылық теннисші 6:2 есебімен басымдылық танытты. Есесіне екіншісінде Жібек есе қайырды – 6:2.
Үшінші, шешуші сетте Құламбаева сәтті ойнай алды – 6:4.
Тартысты өткен матч 2 сағат 12 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен таласады.
Ж.Құламбаева WTA Live рейтингісінде бірден 451-орынға көтеріліп тұр.
Қазақстандық теннисші жұптық сында да өнер көрсетеді. Грекиялық Сапфо Сакелларидимен доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева турнирді бірден ширек финалдан бастайды.