Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда 47 жастағы ер адам өз үйінде асылып қалды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2024
  • 360

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Петропавлда 47 жастағы ер адам өз үйінде асылып қалды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петропавл тұрғынының суицид жасағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«10 мамыр күні өз үйінде асылып тұрған 47 жастағы ер адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама түсті. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.