Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйел супермаркеттің шатырында шамамен бір жылдай өмір сүрген

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2024
  • 726

Мичиганда үйсіз әйел супермаркеттің шатырында бір жылдай өмір сүрген, бірақ бұл туралы ешкім білмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы әйелді шатырға апаратын сымды тексеріп жүрген жұмысшылар тапқан. Әйел ол жерге еден жасап, электр қуатына розетка арқылы қол жеткізген. Сонымен қатар, кофеқайнатқышты, компьютерді және принтерді желіге қосып, шағын үстел орнатқан.

Тұрғынның шатырға қалай көтерілгені белгісіз, өйткені баспалдақ жоғарыға көтерілмейді. Бұл қабілеті үшін полиция оны "шатырдағы Ниндзя" деп атады. Әйелдің өзі құпиясын құқық қорғау органдарына айтпаған.