Русский Сайттың толық нұсқасы

Макинск құс фабрикасы жыл басынан бері 18,7 мың тонна ет өндірді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының өндірістік процесімен танысты. Осы жылдың өзінде фабрика 18 млрд теңгеге 18 мың тонна ет өндірген. Сондай-ақ Үкімет басшысы облыстағы егіншілермен кездесіп, егіс жұмыстарының барысын тексерді.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Президент аграрлық секторға айрықша қолдау көрсетуді тапсырды. Өткен жыл оңайға соқпады, оны жақсы білесіздер. Биыл мемлекет тарапынан 580 млрд теңге қаражат қарастырылған. Дизель бойынша да көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір 376 тонна бөлінді. Қосымша тағы бөлінетін болады.

Бұдан басқа Үкімет басшысы Көкшетауда қазандықтарды жаңғыртуға бөлінген 816 млн теңгені игеру бойынша жоспарларды тыңдады. Өңірдің жылу маусымына дайындығын және инженерлік құрылыстардың жай-күйін тексерді.