Абай облысын басқан қауіпті қоңыз жұртты шошытты. Жәндіктер жайылымдық жерлерді жайпап жатыр. Мақаншы ауданының тұрғындары алғашында оларды "колорад қоңызы" деп шатастырған. Айтуларынша, төрт-түлікке де зиянын тигізуде, қоңыздан қалған шөпті жеген мал уланып жатқан көрінеді. Ал, жауаптылар мал өліміне оның еш қатысы жоқ дейді. Қазір улау жұмыстары жүріп жатыр.
Айдын ЖЫЛАНБАЕВ, ҮРЖАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Қоңыздың қаптап кетіп мына жылқылардың ауырып жатыр деген мәлімет бойынша таңертең мониторинг жасап ауылдың мал дәрігері бар, әкішіліктің маманы бар аралап шықтық. Шағын тоғай, Емілдің екі ортасында өзеннің маңайында жиналған жылқылар, жайылымда жүрген жылқыларды. Ешқандайда қоңыздың қатысы жоқ деп ойлаймын. Өйткені қоңыз ол жылқының үстінде тұрған жоқ. Қоңыз көбінесе шөпті жеп жатыр.