Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО Тайынша ауданы әкімінің орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі парамен ұсталды

Солтүстік Қазақстанда Тайынша ауданы әкімінің орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі парамен ұсталды. Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарын кедергісіз қабылдағаны үшін жемқорлыққа жол берген. Қос шенеунікті құрықтау кезінде қалталарынан 3 миллион теңге табылған. Антикор мамандары үйлерін тінту кезінде тағы қомақты қаражат анықтаған. Сөйтіп, параның жалпы көлемі 10 млн теңгеге жуықтайды, дейді сала мамандары. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері параны берген кәсіпкерді де қолға түсірген.

Айдос ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды, ал бөлім басшысы үй қамауына алынды. Жаңағы пара беруші аталған мердігер компанияның жетекшісі ол кісі де қазір қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.