Енді жаңадан салынып жатқан жолдың сапасын халық өзі бақылап, басы қасында жүре алады. Ақтөбе облысында "Халықтық бақылау" жобасы аясында жауапты мамандармен бірге тұрғындар да рейдке шықты.
Асхат Бектемісов -жолдың нашарлығынан ауызы күйгендердің бірі. Өйткені өзі ұзақ жылдар бойы жүк көлігін айдаған. Жолдың жайын жақсы біледі.Айтуынша осы Ақтөбеден Қарабұтаққа жеткенше бір күн жүреді. Сондықтан бұл жобаны естіген бойда бірден қатысуға ниет білдіріпті.
Асхат БЕКТЕМІСОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Ақтөбемен Хромтаудың арасында көлік жүргізу мүмкін емес. Шұңқырдан шұңқыр. Жолда апатты жағдай туғызатындай жаман жол. Сондықтан бүгін жұмыс барысын өз көзіммен көргім келді. Қандай материал қолданады, жалпы сапалы жасалып жатыр ма, барлығын тексереміз.
«Халықтық бақылау» жобасына облыстан үш өтініш түскен. Кез-келген азамат «1403» нөміріне хабарласып, өтініш қалдырып, жолдың жөндеу процесімен танысып, бақылай алады. Ал олар қандай да бір кемшілік анықтайтын болса, дереу шара қолданылады.
Айбол ДАНАҒҰЛ, «ҚАЗАВТОЖОЛ»АҚ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АОФ ДИРЕКТОРЫ:
Қандай да бір ескертулер болса материал жағынан, салу жағынан оның барлығын біз тыңдап, кері байланыс жасаймыз.Егер шынымен фактілер анықталса, онда шара қолданамыз. Мердігер мекеме бар, технадзор бар жауапты мамандармен шығып шаралар қолданамыз.
Биыл Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын бағыты бойынша бірінші санатты жолды қайта жаңғырту жоспарланған. Республикалық маңызы бар тас жолдың ұзындығы -262 шақырым. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Мердігер мекеме ескі жолдың шұрық-тесік болған тұстарын жөндеумен айналысуда.
Нұралы ТОЙЫМБЕТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:
Жол нашар халде. Қазіргі кезде 13 мың шаршы метр жерге асфальт төселді. Жәнеде 1300 қауіпті шұңқырлар біртіңдеп жөңделеді. Жұмыстар жалғасып жатыр.
"Халықтық бақылау" Ақтөбе –Қандыағаш, Ақтөбе- Шалқар, Ақтөбе- Қобда бағыты бойынша да бақылау жүргізбек.