Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте "өлі адамдарға" жалақы аударған директор орынбасары мен бухгалтер сотталды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2024
  • 463

Шымкентте №44 жалпы орта мектептің басшысы мен оның орынбасарына және бухгалтерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен сот отырысында білім мекемесінің лауазымды қызметкерлеріне педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Қалалық антикор хабарлауынша, сот процесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында қалалық мектеп директорлары мен бухгалтерлерінің қатысуымен өткен. Оның 50-і сот отырысына онлайн, қалған 650-ден астамы оффлайн қатысқан.

Сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ "өліп қалған адамдарға" жүйелі төлемдер үшін директор орынбасары мен бухгалтерге 7 және 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Білім мекемесінің директорына жұмысына салғырт қарағаны үшін 6,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.