Русский Сайттың толық нұсқасы

Агроөнеркәсіп кешені экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2017
  • 4267

Елдегі шаруалар ішкі нарықты қамтып қана қоймай, ауыл шаруашылық өнімдерін шетел нарығында бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие қылуға қауқарлы. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына келген Мәжіліс депутаттары жергілікті шаруалармен кездесуінде осылай деді. Президент жолдауында, агроөнеркәсіп кешені экономиканың жаңа драйверіне айналдыру керек, деген еді. Елдегі жайылымдық аумақтың өзі 22 млн гектарды құрайды. Бұл Франция және Италия мемлекеттері аумағынан да көп. Депутаттар соңғы жылдары ауылдықтарды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама сәтті жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етті.

Василий Олейник, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

500 ұсақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірігіп, іріленеді. Мұның қалалықтар үшін де, ауылдықтарға да артықшылықтары бар.  Бизнесті дамытуға  бөлінетін қаражат  көлемі арттыру мәселесі шешіледі, соның ішінде, мысалы, бұрын 6 миллион  теңге болса,  енді 16 миллион теңгеге дейін бөлінеді. Яғни  ауыл тұрғындары өзінің шаруашылығын ашып, ел игілігі үшін  жұмыс істей алады.

Ал Шымкентке Жолдауды түсіндіруге келген бір топ депутат Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттерімен кездесті. Депутаттар ел экономикасын көтеріп, өнімділікті арттырудағы жастарға артылар жүк едәуір екендігін баса айтты. Ал үштілділік, сандық технология - уақыт талабы екенін де, баса айтты.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Екінші мәселе IT технология дейді, электрондық жүйеге көшу тапсырылғаннан кейін, жастарға осы мәселе түбегейлі тапсырылып отыр. Біздің тағы бір үлкен көңіл бөлетін мәселеміз - бұл жастардың патриоттық рухта тәрбиеленуі. Бұл салада да Елбасы көптеген мәселелерді басын ашып, жастарға тапсырып отыр.