Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде еріктілер тегін тамақтандырылады

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2017
  • 2489

«ЭКСПО-2017» көрмесі барысында еріктілер тегін тамақтандырылады. Бұл туралы «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК коммерциялық департаментінің бас менеджері мәлімдеді. Еріктілердің  жалпы саны 4500-дей болады деген жоспар бар. Олар күніне 3 ауысымда қызмет көрсетеді. Еріктілер үшін әр қайсысы 1500 орындық 3 бірдей дәмхана қызмет етеді.

Балжан Мұхаммеджанова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК коммерциялық департаментінің бас менеджері:

Қазіргі таңда 3 дәмхана бойынша біріңғай оператор анықталды. Тағамның орташа бағасы 700-800 теңгеден. Олардың тамақтануына бюджет қаражат бөлінген.

Ал көрме қонақтарын тамақтандыру әрқилы болмақ. Әр ұлт өкілдерінің асханасынан өзге, қазақ дәмханалары да болады. Олардың бағасы қаладағы дәмханалардағыдай болады деген жоспар бар.