Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда полиция көлігі жантүршігерлік жол апатына ұшырады

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2024
  • 407

Бүгін, 16 мамырда сағат 11.30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі мен екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті.

«Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полициядан.

Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.