Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы бір ауданда тұрғын жиырмадан аса ұрлық жасаған

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2024
  • 539

Алматы облысы Қарасай ауданындағы пәтерде ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, тергеу әрекеттері барысында ұсталған адам жиырмадан аса ұрлық жасағанын мойындаған.

"Ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.