Президент Малайзия Премьер-министрін шығарып салды

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2024
  • 1097
Президент Малайзия Премьер-министрін шығарып салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды.

Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.