Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысы аумағында 5 гектар жылыжайда банан өсіп тұр

Шымкент пен Алматылық тұрғындары бірер аптада жергілікті жерде өскен банан жейтін болады. Түркістан облысының аумағында 5 гектар жылыжайда тропикалық жеміс өсіп тұр. Сайрам ауданының аумағына жерсіндірілген бананның -түркиялық «Анамуз» сорты. Әні-міне теретін күн жақын. Мамандар жемісті өздігінен піскенге дейін үзбей отырмыз дейді. Сол кезде дәмі де тіл үйіріп, бойындағы дәрумендер мейлінше сақталатынын айтады. Бір түптің өзінен алғашқы кезде кемінде 40-50 келі өнім жиналады деген жоспар бар. Тамырлары күш алып, жергілікті климатқа бейімделгесін әр түптен 90 келіге дейін банан алуға болады дейді.

Ислам АЛИЕВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір мынаның өзінде примерно 50 келідей бар. Құдай қаласа қазір бірінші урожайдан 600 тонна алайын деп тұрмыз, жылына 1 мың тонна. Әрі қарай жылына өсе береді 2-2,5 мың тоннаға дейін құдай қаласа алайын деп тұрмыз. + Жоспарларымыз сол Қазақстан нарығы, Алматыға, Шымкенттен бастайын деп отырмыз. Өйткені соның өзінде жетпей жатыр да..Қазақстанның өзіне 1 процент жабылайын деп тұр потребность Казахстана.

Серіктестік бұл кәсіпті былтыр жазда бастаған. Әуелгіде 5 гектарға 7400 түп көшет еккен. Көп ұзамай 9 мыңға жеткізіпті. Түркістан облысының климаты қалай болар екен деп уайымдағандарын жасырмайды. Банан егілетін топырақты әбден зерттеп , Сайрам ауданынын аумағы арнайы таңдалған. Топырақ қабатын қажетті минералдармен толықтыруға біршама уақыт кеткен. Тағы 5 гектар жерге банан егуді жоспарлап отырған шаруашылық алдағы уақытта авокадо, манго, ананас сияқты экзотикалық тпропикалық жемістерді де жерсіндірмек ниетте.