Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды. «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» деп аталатын шараға еліміздің түкпір-түкпірінен суретшілер жиналды. Сонымен қатар, Өзбекстан, Қырғыстан республикасының өкілдері де бар.
Халықаралық дәрежеде алғаш рет өткізіліп отырған симпозиум 4 күнге созылады. Осы уақыт аралығында қонақтар Сыр елінің тарихымен танысып, көрікті жерлерін аралайды. Көрген және естіген дүниелерін бейнелейді.
Өмірбек ЖҰБАНИЯЗОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тек жергілікті суретшілердің шығармашылығын біз білеміз. Ал енді сыртқы көзқараспен біздің тарихымызға өңірдің, қазақ тарихына деген ол да біздің ерекше құндылық деп есептеймін. Бұндай шара дістүрлі болып жатса, нұр үстіне нұр.
Халықаралық симпозиумның мақсаты тарихи құндылықтарымызды сақтау оны кейінгі ұрпаққа насихаттау дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан Сыр суретшілерін жастарға танытып, тәжірибе алмасуына жол ашу.
Шахмардан БАЙМАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Қожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет пен Құлақмет Қожықовтар, Сахи романов пен Салихаддин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды.
Шараға келген қонақтар да дән риза. Олар аймақтың тарихи тұлғалары мен ғажайып көрінісін қылқалам арқылы жеткізу, мол мұрамызды сақтап қалудың бір көрінісі деп біледі.
Қайырбай ЗӘКІРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ:
Сырдың топырағы тек қана жырға емес, сурет өнеріне, өнердің басқа салаларына да өте бай. Риза болып, толқып та тұрмын өзгеше. Осы, бұл жақсы жемісін береді ғой деп ойлаймын. Осындай қамқорлық бола берсе, халықтың ішкі дүниесі оң салаға өзгере береді.
Шара Өнер орталығында қорытындыланады. Суретшілердің 4 күн бойы салған туындыраларынан фотоальбом жасалып, Көркемсурет галереясының қоржынына өткізілмек.