«AMANAT» партиясының өкілдері қарғын судан зардап шеккен Атырау облысындағы Қызылқоға ауданы тұрғындарына және Ақтөбе облысы Қобда ауданы жұртшылығына құқықтық кеңес берді. Республикалық қоғамдық қабылдау мамандары әр тұрғынның сұрағын жеке-жеке тыңдады.
Атырау облысы орталығынан шалғай жатқан Қоныстану ауылында тасқын судан қауіп төнген кезде бес үй, үш шаруа қожалығы суға кеткен еді. Мәселен, Жұлдызай Бақтыбаеваның үйі су астында қалған. Ішінен киім-кешегін де алып үлгермеген.
Жұлдызай БАҚТЫБАЕВА, ҚОНЫСТАНУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Оның ішінде заттарымыз кетті, балаларымның киімі бар. Холодильник, кір машина, тұрмыстық техникамыз бар. Үйміздіің құлаған ішінде бытовая техника бар ғой. Соған қандай көмек болады деген сұрақпен келіп едім. Жалпы алдағы уақытта болады. Барлық жағынан көмектеседі деген жауап берді.
Ауылға заңгерлер келгенін естіп, ауыл тұрғындары көптен шеше алмай жүрген өзге де мәселелеріне кеңес сұрай келді. Айта кетейік, қазір баспанасы зардап шеккен тұрғындарға үй салу үшін жер анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 28 отбасығы 369200 теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленген.
Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ АОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Тұрғындардық сұрағы негізінен сол суға кеткен үйлерді бағалауға қатысты және жаңадан тұрғын үй алу мақсатында, «Отбасы» банкіндегі тұрғын үй, баспана тағы да басқа жаңадан шығып жатқан бағдарламалардың қандай екенін білуге арналды. Әрине, барлығына жан-жақты толықтай сұрақтарға жауаптар берілді.
Сондай-ақ қоғамдық қабылдау Ақтөбе облысы Қобда ауданында да өтті. Оған су тасқынынан зардап шеккен отыздан астам тұрғын түрлі мәселемен келді. «AMANAT» партиясының өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өңірде жыл басынан бері 11 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 75 азамат заңгерден кеңес алды.
Алпамыс ӘБЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Азаматтардың көпшілігі мүлікті бағалау, өтемақыны төлеу мәселелерін көтеріп отыр. Барлық сұрақтарға тиісті мемлекеттік органдар, әділет басқармасы бастаған юристтер, нотариуюстар өз түсініктемелерін берді.
Қабылдауда болғандардың көпшілігі суға кеткен үйінің дұрыс бағалануы, бұрын құжаттарының бұрыс болуына байланысты қайта рәсімдеу шаралары, мұрагерлік жолмен баспана рәсімдеу және өзге де өзекті мәселелермен жүгінді.