Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада тағы бір көше уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2024
  • 724

Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

Астанадағы Жарсуат тұйық көшесінің Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен М. Жалил көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, көлік қозғалысы 16-26 мамыр аралығында толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.