Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық шенеуніктердің АҚШ-та сатып алған мүліктері жарияланды

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2024
  • 3157

АҚШ-та қазақстандық бұрынғы шенеуніктердің жылжымайтын мүліктері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Global Financial Integrity АҚШ-та күмәнді ақшаға коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алшетелдік бизнесмендер туралы деректер жариялады. Осы тізім бойынша Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың, бұрынғы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев және Казкоммерцбанктің бұрынғы иесі Асқар Алшынбаевтың АҚШ-та жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды. 

Виктор Храпунов бұл тізімде олигарх ретінде көрсетілген. Сараптамада мемлекеттен қаржысынан 300 миллион доллар жымқырғаны үшін сырттай сотталған Алматының экс-әкіміне сол қаражатты заңдастыру үшін Нью-Йорктен қонақүй мен медициналық орталық сатып алғаны айтылған.