Русский Сайттың толық нұсқасы

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2024
  • 940

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында хабарлады

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтеамқы төленді. 

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісім шартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

«Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады», — деді Жұмабек Қаражанов. 

Сондай ақ, ол тұрғындарға үйді апатты деп тану кезінде, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат беріп өтті.