Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2024
  • 1106

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берілді. Осы ретте екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы серіктестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.

Әңгімелесу барысында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.