Русский Сайттың толық нұсқасы

Франциядағы «Фламанвиль» атом электростанциясында жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2017
  • 2413

Франциядағы «Фламанвиль» атом электростанциясында жарылыс болды. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Тек газдан иіс тиген бес адам тез арада қауіпсіз аймаққа шығарылыпты. Рейтерс агенттігі, әзірге радиоактивті қалдықтардың таралу қауіпі жоқ екендігін, хабарлады. Сондықтан төтенше жағдай енгізілмеген. Алайда, қауіпсіздік үшін бірінші энергоблоктың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметіне сәйкес, жарылыс таңғы 10-шамасында болыпты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар және жедел жәрдем шұғыл түрде жеткен. Алдын ала болжам бойынша, атом электростанциясындағы жарылыс қысқа тұйықталудан болуы мүмкін. Екі энергоблок 1980-ші жылы салынған. Қазір үшінші блоктың құрылысы жүріп жатыр.